Археологтар ежелгі мысырлықтың жақсы сақталған қаңқасын тапты

Археологтар ежелгі мысырлықтың жақсы сақталған қаңқасын тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2025 11:19 Сурет: Ливерпуль университеті
1902 жылы Каирдың оңтүстігіндегі Нувайраттағы жартаста қашалып жасалған қабірден мөрленген керамикалық ыдыстың ішінен пирамидалар дәуірінің басында өмір сүрген адамның қаңқасы табылып, содан бері музейде сақтаулы тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian басылымының мәліметінше, бұл адам, болжам бойынша, қыш шебері болған. Оның ерекше жерлену тәсілі — мөрленген ыдыстың ішіне жерлеу — ДНҚ-ның төрт мың жыл бойы сақталуына мүмкіндік берген.

Сурет: Ливерпуль университеті

Бұл табылған адам — генетикалық коды толық оқылып, талданған алғашқы ежелгі мысырлық. Оның ДНҚ-сы жасының ұзақтығына және биологиялық материалды тез ыдырататын ыстық климатқа қарамастан өте жақсы сақталған. Ғалымдардың пікірінше, дәл осы ерекше жерлеу тәсілі ДНҚ-ның бүгінгі күнге дейін сақталуына себеп болған.

Сурет: Ливерпуль университеті

Адамның тісінен алынған ДНҚ оның терісі қара, көзі қоңыр, шашы да қоңыр түсті болғанын көрсетеді. Сонымен қатар оның шыққан тегі неолиттік Солтүстік Африкамен байланысты. Бұл табылыс ежелгі Египет пен басқа аймақтар арасындағы сауда қатынастары болғанын дәлелдейтін археологиялық деректерді қуаттайды.

Ер адамның сүйектері оның өмірі жайлы қосымша мәлімет береді. Ол шамамен 60 жаста болған, бұл сол дәуір үшін егде жас саналады, және артрит ауруымен ауырған.

Сурет: Ливерпуль университеті

Ливерпульдегі Джон Мурс атындағы университеттің антропология және археология профессоры Джоэл Айриштің айтуынша, сүйектеріндегі іздер оның қыш шебері болғанын көрсетеді, бірақ ол себет өрумен немесе жер үстіндегі басқа да ауыр жұмыстармен айналысқан болуы мүмкін.

Бұған дейін ғалымдардың электроника қалдықтарынан алтын алудың жаңа тәсілін тапқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: