АҚШ Украинаға қару жеткізудің тоқтатылуына қатысты пікір білдірді
Сурет: pixabay
Вашингтонның кейбір қару түрлерін жеткізуді уақытша тоқтату туралы шешімі АҚШ-тың Украинаға әскери көмек көрсетуден толықтай бас тартуын білдірмейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
РБК таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Тэмми Брюс журналистермен өткен кезекті брифинг барысында айтты.
"Біз Украинаға қару жеткізуді тоқтатқан жоқпыз, тек бір ғана аспект, бір жағдай өзгерді. Бұл көмек көрсетуді және қару жеткізуді толықтай тоқтату дегенді білдірмейтінін атап өткім келеді", – деп түсіндірді Брюс.
Бұған дейін Пентагон Украинаға әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандар мен кейбір басқа оқ-дәрілерді жеткізуді тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Бұл үзіліс, соның ішінде, Украин Қарулы күштері F-16 жойғыш ұшақтарынан ататын зымырандарға да қатысты.
Ақ үй бұл шешім Америка мүдделерін бірінші орынға қою мақсатында қабылданғанын атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript