АҚШ Украинаға қару сатуды тоқтатты

Украина Жоғарғы Радасының қорғаныс комитетінің басшысы Роман Костенко АҚШ-тың Украинаға қару сатуды тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Роман Костенко "Тема с Мосейчук" жобасының эфирінде айтты.
"Менің ақпаратым бойынша, сатылымға шыққан қару-жарақ жеткізілімі тоқтады. Бұл қаруды тапсыруы керек болған фирмалар қазір мәжбүрлі түрде күтуде, өйткені шешім жоқ. Барлығы соңғы шешімге қарап отыр, тіпті болмағанда ақшаға болсын қару-жарақты жеткізу шешімін күтуде",- деді ол.
Оның айтуынша, жеткізілімдерді толық тоқтату туралы әңгіме жоқ.
"Қазір қаруды жеткізуде уақытша тоқтатылым бар. Бірақ бұл қарулар шешімді және саяси салада не болатынын күтетін компаниялардыкы",- деді ол.
Бұған дейін Трамп Зеленский жайлы тосын мәлімдеме жасаған болатын. Нақтырақ айтқанда, ол Украина президентінің жұмысын сынап, оның қолынан тек "Байденмен скрипкадағыдай ойнау" ғана келді деп айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript