АҚШ Израильге қосымша қару-жарақ сатпақ
Сурет: pixabay
АҚШ Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан тұста Израильге құны 20 миллиард доллар болатын қару-жарақ сатуды құптады.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, оған F-15 жойғыш ұшағының 15 данасы, орта қашыққа арналған зымырандар, мыңдаған оқ-дәрі кіреді.
Вашингтон осы арқылы Израильдің қорғаныс күшін арттыруды қолдамақ.
Алайда қару-жарақты жеткізу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.
АҚШ жұртшылығы мен заң шығарушылар Газадағы бейбіт тұрғындардың өліміне байланысты Израильге әскери көмек беруді шектеуді ұсынды.
Мамырда Байден әкімшілігі Израильге авиациялық бомбалар жеткізуді тоқтатқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript