Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Израильге келді

Ұлыбритания премьер-министрі , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2023 13:57 Сурет: wikimedia
Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Израильге ресми сапармен келді. Ол ел билігімен Таяу Шығыстағы шиеленісті саяси жағдайды талқылайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сапар барысында Риши Сунак Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен және президент Исаак Герцогпен кездеседі, деп жазды The Telegraph 19 қазанда. Осыдан кейін ол аймақтағы басқа елдерге де баруды жоспарлап отыр.

Сапар алдында Ұлыбритания премьер-министрі ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылы салдарынан Израиль мен Газа секторында бейбіт тұрғындардың қаза болуына байланысты көңіл айтқанын жеткізді. Ол сондай-ақ аймақтағы қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеуге шақырды.

Риши Сунак: "Әрбір бейбіт тұрғынның өлімі – қайғылы жағдай және ХАМАС-тың жан түршігерлік лаңкестік әрекетінен тым көп адам қаза тапты", деді.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден де Израильге барған еді. Оның сапарынан кейін Израиль Египетке қоршауда қалған Газа секторына гуманитарлық көмектің алғашқы партиясын жіберуге рұқсат берді.

Палестиналық ХАМАС содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасады. Олар Израиль шекарасындағы бірнеше елді мекенде ондаған адамды кепілге алып, қырғын салды. ЦАХАЛ содырларды Израиль аумағынан қуып шығып, Газа секторына күшті соққы жасап, оны қоршауға алды. Газадағы жағдай қазір гуманитарлық апатқа жақын. Біріккен Ұлттар Ұйымы секторда өлгендердің денесін жинауға арналған сөмкелер жетмей жатқанын мәлімдеді. Көптеген бейбіт тұрғындар таза ауыз суға жете алмай отыр және күніне бір реттен артық тамақтанбайды. Израиль ХАМАС тарапынан кепілге алынған барлық адамдарды дереу босатуды талап етіп отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: