Ақордада Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды қарсы алу рәсімі өтті

Мажарстан премьер-министрі, Қазақстан президенті, саясат, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2023 12:01 Сурет: akorda.kz
Қазақстанға Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп жазды Ақорданың Telegram-дағы ресми парақшасы.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Сурет: akorda.kz


2023 жылғы 26 қазан күні Ақорданың баспасөз қызметі Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын одан әрі кеңейтуге қатысты келісөз жүргізеді деп жоспарланғанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: