Тоқаев Мажарстан премьер-министрімен пандемияға қарсы күрес шараларын талқылады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.11.2021 04:35 Сурет: zakon.kz
Кездесу соңында Виктор Орбан Қазақстан Президентін келер жылы Мажарстанға сапармен келуге шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесі саммитінің аясында Мажарстанның премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында екі елдің басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-мажар ынтымақтастығының даму перспективаларын талқылады. Пандемияға қарсы күрес шаралары мен климаттың өзгеруіне қатысты мәселелер қозғалды. Сондай-ақ олар аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай жөнінде пікір алмасты, делінген Ақорда сайтында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы екіжақты қатынастардың дамуын жоғары бағалады және әртүрлі деңгейдегі өзара байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Қазақстанда Мажарстанды жақсы біледі және оған құрметпен қарайды. Біздің Орталық Еуропадағы алғашқы елшілігіміз Будапешт қаласында ашылды. Ынтымақтастығымыздың әлеуеті зор. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз ведомстволарымыз бен үкіметтерімізді алға ұмтылуға, оның ішінде экономика бағытында ілгерілеуге, сондай-ақ БҰҰ және ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар аясында ықпалдастық жасауға ынталандыру деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Мажарстанның премьер-министрі екі ел халықтарының тарихи тығыз байланыстарын атап өтті.

Кездесу соңында Виктор Орбан Қазақстан Президентін келер жылы Мажарстанға сапармен келуге шақырды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: