Тайландта желіге жыланмен бейне жүктемек болған турист абайсызда өлім құшты

Тайландта желіге жыланмен бейне жүктемек болған турист абайсызда өлім құшты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.07.2025 12:05 Сурет: pixabay
Тайландтың Кхонкэн қаласындағы қонақүй қызметкерлері бөлмелердің бірінен ер адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Thaiger басылымының мәліметінше, қызметкерлер туристің бөлмеден ұзақ уақыт шықпағанын байқап, онда кірген. Белгілі болғандай, ер адам әлеуметтік желілерге арнап кобрамен бейнеролик түсірмек болған.

"Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері ер адамның оң қолыннан жылан тістеген ізді анықтады. Кейін полиция есіктің жанынан матадан тігілген дорбаны тапты, оның ішінен кобра шықты. Полицейлер ер адамның ұялы телефонын қарап, оның бөлмеде жыланмен бірнеше бейнеролик түсіргенін анықтады", – делінген ақпаратта.

Айта кету керек, кобра әдетте адаммен қақтығыстан қашуға тырысады. Ол қауіп төнген жағдайда алдымен ысылдап, қорғаныс қалпын қабылдайды, егер адам әдейі жақындаса немесе байқамай тым жақын келіп қалса, шабуыл жасауы мүмкін. Көп жағдайда кобра адамды көргенде кері шегінуге тырысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: