Қытайдың бірнеше ауданына "Данас" дауылы соққы берді

Туча, тучи, штормовое предупреждение, сильный ветер, шквал, буря, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 14:48 Фото: pexels
Қытайдың бірталай бөлігінде жауын құйып, жағалаудағы аудандарға "Данас" тропикалық дауылы соққы берді.

Салдарынан лай көшіп, су тасып жатыр.

Елдің "Си-си-ти-ви" телеарнасы хабарлағандай, Фучжоуда мектептер жабылса, оңтүстік-шығыстағы Цзянси провинциясында пойыздар қатынасы тоқтаған.

Дауыл бүгін айтарлықтай әлсірегенімен, елдің метеорология қызметі геологиялық апаттардан сақ болуды ескертті, деп жазады qazaqstan.tv.

Қытай климаттың өзгеруіне байланысты табиғи апаттар қаупіне жиі душар болады.

Салдарынан жыл сайын экономикаға миллиардтаған доллар шығын келеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: