Өзбекстанда қоқысты тастайтындармен күрес күшейді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өзбекстанда қоқысты бейберекет тастайтындармен және көлік терезесінен лақтыратындармен күрес күшейді.
Мұндай азаматтарға заңды түрде әкімшілік жаза қолданылады.
Жыл басынан бері тұрмыстық қалдықты рұқсат етілмеген орынға тастаған 5 мыңнан астам тұрғын айыппұл арқалады, деп жазады qazaqstan.tv.
Елдің барлық аймағында көшелердегі онлайн камералар арқылы тиісті бақылау жүргізіледі.
Биылғы жылдың бес айында 700 мың долларға жуық айыппұл салынып, оның жартысы өндірілді дейді мамандар. Оң нәтиже де жоқ емес.
Пластик құтыны жұрт көлік терезесінен лақтырмай, тиісті орындарға өткізуге дағдыланып келеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript