Литва президенті премьер-министр мен үкіметтің отставкасын қабыл алды

Литва, үкімет, премьер-министр, отставка,  Гинтаутас Палуцкас, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2025 19:57 Сурет: pixabay
Литва президенті Гитанас Науседа үкімет пен премьер-министр Гинтаутас Палуцкасты отставкаға кетіретін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Delfi порталының мәліметінше, президент қаржы министрі Римантас Шаджюсқа үкімет басшысы міндетін уақытша атқаруды жүктеді.

"Президент Гитанас Науседа социал-демократ Гинтаутас Палуцкас басқарған үкіметтің отставкасы туралы Жарлыққа қол қойды", делінген хабарламада.

Айта кетейік, Палуцкас құқық қорғау органдары өзінің бизнесіне қатысты сотқа дейінгі екі тергеу шараларын қолға алғаннан кейін, сондай-ақ оның атына қатысты сынның күшеюіне байланысты отставкаға кету туралы шешім қабылдады. Литва Конституциясына сәйкес, үкімет басшысы отставкаға кетсе, онымен бірге үкімет те тарайды. 

Бұған дейін Зеленскийдің Ұлыбританиямен арнайы келісімге отырғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: