Ұлыбритания королі Лиз Трасстың отставкасын қабыл алды
Сурет: elizabethtruss.com
Ұлыбритания королі Чарльз III премьер-министр Лиз Трасстың отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отставка туралы Букингем сарайындағылары мәлімдеді.
Құрметті Элизабет Трасс бүгін таңертең корольдің ресми қабылдауында болып, премьер-министр және Қазынашылықтың бірінші лорды қызметінен отставкаға кететінін мәлімдеді, оны мәртебелі король қабылдады, - деп жазды РИА Новости.
Биылғы жылдың 6 қыркүйегінде қызметіне кіріскеннен кейін Трасс бірден экономикалық қиындықтарға тап болды, ол уәде етілген реформаларды бәсеңдетуге мәжбүр болды әрі оның серіктестері бірінен соң бірі отставкаға кете бастады.
Ол сайланғаннан кейін алты аптадан кейін премьер-министр қызметінен кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript