Камчаткадағы жағдай: екі жер сілкінісі мен жанартаудың оянуы
Сурет: pixabay
Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы 12 тамызда Камчаткада магнитудасы 5,2 және 5,5 болатын екі жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости дерегінше, алғашқы жер сілкінісінің ошағы 11,7 км тереңдікте орналасқан және ол Петропавл-Камчатский қаласынан 225 км қашықтықта болған. Екінші жер сілкінісінің ошағы 8,5 км тереңдікте, қалаға дейінгі қашықтығы — 220 км.
Жанартау атқылауына байланысты құрылған жедел әрекет ету жөніндегі Камчатка тобының мәліметінше, Ключевская Сопка жанартауының ұшқыны теңіз деңгейінен 10 км биіктікке дейін көтерілген. Ғалымдардың айтуынша, атқылау әлі де жалғасып жатыр.
Жанартауға жақын орналасқан Усть-Камчатка округінде аздаған лава байқалған. Алайда ауада зиянды заттар анықталған жоқ.
Бұған дейін Түркияда жойқын жер сілкінісі болғандығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript