Украина ТМД-ның кезекті келісімінен шықты

Украина ТМД-ның кезекті келісімінен шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2025 09:24 Сурет: akorda.kz
Украина билігі ТМД-ға мүше мемлекеттердің "Төтенше жағдайлар туындаған кезде үшінші елдерден азаматтарын эвакуациялау барысында өзара іс-қимыл жасау туралы" келісімінен шығу жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

РБК дерегінше, бұл туралы Украина Министрлер Кабинетінің Жоғарғы Рададағы өкілі Тарас Мельничук Telegram-арнасында мәлімдеді.

ТМД-ға мүше елдер бұл келісімге 1996 жылғы сәуірде қол қойған.

Келісімде төтенше жағдай туындаған кезде үшінші елдерден азаматтарды эвакуациялау бойынша бірлескен іс-қимыл тәртібі белгіленеді. Құжатта мемлекеттердің ақпарат алмасу, өзара көмек көрсету, сондай-ақ адамдарды қауіпсіз жерге шығару үшін көлік пен ресурстарды пайдалану тәртібі айқындалады.

Бұған дейін Зеленскийдің Трамптың Ресеймен аумақтарды айырбастау туралы ұсынысына пікір білдіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: