Жаңалықтар тізбегі
0

ТМД елдері радиациялық жағдай туралы ақпарат алмасады

ТМД елдері радиациялық жағдай туралы ақпарат алмасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2023 13:14 Сурет: parlam.kz
Экология және табиғи ресурстар министрлігі ТМД-ға мүше мемлекеттердің радиациялық жағдай бойынша мониторинг деректерін алмасудағы өзара іс-қимылы туралы келісім жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келісімнің мақсаттары:

  • қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы радиациялық жағдай туралы мониторинг деректерін алмасу бойынша тараптардың уәкілетті органдарының іс-қимылын ұйымдастыру;
  • мүше мемлекеттердің аумақтарындағы радиациялық жағдайдың жай-күйі және оның өзгерістері туралы деректер мен ақпаратты беру және алу;
  • келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағында, оның ішінде үшінші мемлекеттердің аумақтарынан радиоактивті заттардың трансшекаралық тасымалдану қаупі төнген немесе туындаған жағдайда радиациялық жағдай туралы мониторинг деректерін алмасу.

Бұл ретте келісім радиациялық жағдайды бақылаудың мемлекеттік (ұлттық) жүйелерімен алынған деректерге қолданылады. Ол ядролық қондырғылардың өнеркәсіп орындарынан түсетін радиациялық жағдай туралы мониторинг деректеріне қолданылмайды.

Уәкілетті органдар ақпараттық өзара іс-қимыл және радиациялық жағдай бойынша мониторинг деректерін алмасу процесінде мыналарды қамтамасыз етеді:

  • радиациялық бақылау деректерін тұрақты алмасу;
  • берілетін ақпараттың сенімдігі;
  • қажет болған жағдайда бұрын берілген ақпаратқа түзетулер мен нақтылауларды жедел енгізу;
  • кез келген күтпеген жағдай болғанда ақпаратты (ресми сұрау салуларды) беру мүмкін емесі туралы өзара ескертудің уақытылы болуы;
  • алынған ақпаратты келісімнің мақсаттары үшін ғана пайдалану.

Бұл ретте уәкілетті органдар өзара іс-қимылды ұйымдастыру үшін қажет аппараттық және бағдарламалық құралдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Олардың рұқсат етілмеген кезде жеткізуден немесе ақпараттың шығып кетуінен қорғалуын қамтамасыз етеді. Тараптардың уәкілетті органдары Комиссияның шешімімен бекітілетін радиациялық жағдайдың мониторингі деректерін алмасудың бірыңғай тәртібін бірлесіп әзірлейді.

Құжат қоғамдық талқылау үшін 25 мамырға дейін Ашық НҚА веб-сайтына жарияланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: