Қазақстан Салық саясатын келісу туралы ТМД келісімінің қолданысын тоқтатуды ратификациялады

Мемлекет басшысының жарлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2022 11:06 Сурет: pexels
Бүгінгі күндері салық қызметтерінің шетел мемлекеттерімен, оның ішінде ТМД елдерімен өзара іс-қимылы халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы «1992 жылғы 13 наурыздағы Салық саясатының келісілген принциптері туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер үкіметтері арасындағы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Хаттаманың негізгі мақсаты – бұл ТМД-ға қатысушы мемлекеттер тарапынан Келісімнің қолданыс мерзімін ұзарту туралы өтінімнің болмауына, сондай-ақ оның ережелері қазіргі уақыт жағдайының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты Келісімнің қолданысын тоқтату.

Бүгінгі күндері салық қызметтерінің шетел мемлекеттерімен, оның ішінде ТМД елдерімен өзара іс-қимылы халықаралық шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: