Ресейлік дәрігерлер жаңа туған шақалақтарды Қытайға сатып келген
Фото: pexels
Владивосток қаласында жаңа туған сәбилерді Қытайға сату ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Вести: Приморье" басылымының мәліметінше, Владивостоктың Фрунзе аудандық соты РФ ҚК 127.1-бабы – адам саудасы бойынша алғашқы сот отырысын өткізді. Айыпталушылар қатарында Владивосток пен Санкт-Петербургтегі жекеменшік клиникаларда жұмыс істеген сегіз медицина қызметкері бар.
Тергеу нұсқасы бойынша, репродуктолог-дәрігерлер шетелдіктерге суррогат ана қызметін ұсынған. Кейін жаңа туған сәбилерді жалған құжаттармен Қытайға алып кеткен. Нәтижесінде, шетелге барлығы 13 сәби шығарылған.
Бұған дейін үндістандық әйелдің діни рәсімді сылтауратып танысының баласын ұрлап кеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript