Қытай Бейжіңдегі парадта ядролық әскери техникасын көрсетті

Қытай Бейжіңдегі парадта ядролық әскери техникасын көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 10:55 Сурет: бейнежазба скриншоты
Бейжіңде Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парад өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салтанатты іс-шара барысында алаңда Қытай армиясының ең қуатты техникалық жетістіктері көрсетілді.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, парад кезінде жиналған жұртшылыққа Қытайдың алты жаңа зениттік зымыраны көрсетілді. Олардың қатарында HQ-19, HQ-12 және HQ-29 бар.

Сонымен қатар, Қытай стратегиялық ядролық құрлықаралық DF-5C зымыранын таныстырды. Бұл зымыран бүкіл планетаны қамтитын ауқымда әрекет ете алады.

Осылайша, Қытай алғаш рет парадта өзінің құрлықта, теңізде және әуеде орналасқан стратегиялық күштерін — ядролық үштағанын (триада) таныстырды.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта әскери парадқа құрметті қонақ ретінде қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: