Тоқаев Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына келді

Тоқаев Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 08:32 Сурет: akorda.kz
Zakon.kz хабарлауынша, Қазақстан Президенті Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына және жапон милитаристеріне қарсы күрестегі жеңіске арналған әскери парадқа құрметті қонақ ретінде қатысады.

Бұған дейін Қытайдың Халық-азаттық армиясының 45 әскери бөлімі — 10 мыңнан астам әскери қызметші — парадқа қатысатыны хабарланған. Сондай-ақ, шеру барысында жаңа қару жүйелерінің бірқатары алғаш рет көрсетіледі деп күтілуде.

Бейжіңдегі еске алу шараларына 26 шет мемлекет басшысы қатысады.

Парадты ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин басқарады.

Салтанатты рәсімді шамамен жиырмаға жуық мемлекет пен үкімет басшысы тамашалауда. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран, Сербия, Беларусь, Әзербайжан, Армения, Солтүстік Корея және басқа да жоғары лауазымды қонақтар бар.

Бұған дейін Тоқаевтың CNNC компаниясымен Қазақстанда екінші АЭС салу мәселесін талқылағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: