Ресейлік альпинист Жер бетіндегі басты "өлім тауларын" атады
Сурет: pixabay
Эверест шыңын бағындырған Ресей тарихындағы үшінші әйел — альпинист Людмила Коробешко Жер бетіндегі ең қауіпті, "өлім тауларын" атады, деп хабарлайды Zakon.kz.
РИА Новости мәліметінше, бұл тізімге келесі шыңдар енген:
- К2 (Қарақорым тау жүйесінде),
- Аннапурна (Гималайда),
- Нангапарбат (Пәкістанда),
- Победа (Қырғызстанда).

Сурет: 7vershin
Альпинистің айтуынша, мысалы, Эвересте маусым кезінде қаза табатындардың пайыздық көрсеткіші бұл "өлім тауларымен" салыстырғанда төмен – орта есеппен 3–4 адамнан 15–16 адамға дейін.
Людмила бүгінге дейін 100-ден астам шыңға шыққан, оның ішінде ең биіктерін де бағындырған. Мысалы, жер бетіндегі ең биік шың – 8848 метрлік Эверестке екі рет көтерілген және шамамен екі айда еңсерген. Ол бұл жолды "ғарышқа жаяу саяхат" ретінде теңеді.
Бұған дейін Жетісуда тауда мал бағуға шыққан 83 жастағы қарияның жоғалып кеткенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript