Франция лазерлік қару жасауға келісімшарт жасасты
Суоет: pexels
Франция Қорғаныс министрлігі MBDA, Safran Electronics & Defense, Thales және CILAS компанияларын біріктірген консорциуммен дрондарға қарсы жоғары қуатты лазерлік қару прототипін жасауға келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Франция Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
"Тамыз айында Қару-жарақ жөніндегі бас дирекция (DGA) MBDA, Safran Electronics and Defense, Thales және Cilas компанияларын біріктірген консорциумға лазерлік қару жүйесінің прототипін жасауға тапсырыс берді", – делінген ақпаратта.
Жасалып жатқан жүйе "Жаңа буын лазерлік қорғаныс жүйесі" (французша — Syderal) деп аталады. Ресми мәліметке сәйкес, бұл кешен дрондарға қарсы күресуге және жақын қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғанысқа арналған.
Syderal лазерлік жүйесін 2030 жылға қарай Франция армиясының қару-жарағына енгізу жоспарланып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript