Швецияда Денсаулық сақтау министрі баспасөз мәслихаты кезінде есінен танып қалды
Фото: Zakon.kz
SVT телеарнасының жазуынша, оқиға үкіметтегі кадрлық ауыс-түйістерді таныстыру кезінде болған. Элизабет Ланн кенет өзін жайсыз сезініп, есін жоғалтқан. Одан кейін оны залдан алып кетті.
#SWEDEN news
— War & Political News (@Elly_Bar_News) September 9, 2025
🇸🇪 Swedish Health Minister Elisabet Lann collapsed during a press conference in Stockholm.
She later explained that she had experienced low blood sugar. pic.twitter.com/jdIOrj88GA
Министрмен бірге трибунада Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон, энергетика және кәсіпкерлік министрі Эбба Буш, сондай-ақ әлеуметтік істер министрі Якоб Форсместед те тұрған.
Алдын ала мәлімет бойынша, министрдің өзін жайсыз сезінуіне қан құрамындағы қант деңгейінің күрт төмендеуі себеп болған. Осы оқиғаға байланысты баспасөз мәслихаты кейінге шегерілді.
Бұған дейін Израильдың Дохаға әуеден жасаған шабуылына байланысты тың мәліметтер пайда болғанын жазғанбыз.