Түркияда балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу туралы шешім қабылданды

Түркияда балалардың әлеуметтік желілерге кіруін шектеу туралы шешім қабылданды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2025 09:24 Сурет: pixabay
Түркия үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

NTV Haber телеарнасының мәліметінше, балалар жасаған қылмыстарға қатысты құжаттармен жұмыс аяқталды. Олардың ішінде 16 жасқа толмаған адамдарға әлеуметтік желілердегі аккаунттарды пайдалануға тыйым салатын тармақ бар.

Түркия НАТО блогының мүшесі болып табылады. Шілде айында альянстың басқа қатысушы елі – Ұлыбританияда "Интернеттегі қауіпсіздік туралы Заңның" жаңа ережелері енгізілді. Енді сайтқа кірушілердің жасын тексеру тетіктері міндетті болып табылады.

Бұған дейін Қазақстанда балалардың әл-ауқат индексі өскендігін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: