Түркия жергілікті электромобильді сатылымға шығарды

Түркия жергілікті электромобильді сатылымға шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2025 10:06 Сурет: Х/Togg2022
15 қыркүйекте түркиялық электромобиль өндірушісі Togg өзінің екінші "ақылды" моделі – T10F үшін Түркияда тапсырыс қабылдауды бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компанияның дерегіне сәйкес, 2025 жылы Мюнхенде өткен IAA Mobility көрмесінде жаһан жұртшылығына таныстырылған бұл жаңа үлгі енді Түркияда Trumore цифрлық платформасы арқылы сатып алуға қолжетімді. Модельдің бастапқы бағасы 1 миллион 860 мың лира.

T10F V2 спорттық fastback корпусындағы нұсқасына арнайы қаржыландыру бағдарламалары қарастырылған. Германияда тапсырыс қабылдау 29 қыркүйекте басталады.

Сурет: Х/Togg2022

Еуропалық қауіпсіздік бағдарламасы Euro NCAP жүргізген барлық краш-тест нәтижелері бойынша T10F моделі ең жоғары – бес жұлдыз рейтингін алды. Сонымен қатар, жаңа модельді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі сынап көрген.

Бұған дейін Алматыда электромобиль көліктердің көбейюіне байланысты қалада қуаттау бекеттерінің саны артатындығын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: