Алматылық электромобиль иелеріне ақжолтай хабар: қалада қуаттау бекеттерінің саны артпақ

Алматылық электромобиль иелеріне ақжолтай хабар: қалада  қуаттау бекеттерінің саны артпақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 10:36 Сурет: freepik
Алматыда электромобильдерге арналған 311 қуаттау бекеті орнатылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Электромобиль иелеріне арналған жағымды жаңалықты бүгін, 2025 жылғы 22 мамырда қала әкімдігі мәлімдеді.

"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы электр қуаттау бекеттеріне арналған 311 жер учаскесін бөлді. Бұл бекеттердің әрқайсысын конкурс арқылы іріктелген отандық инвесторлар орнатады. Әр бекет екі автотұрақ орнын қамтиды, яғни барлық нысан іске қосылғаннан кейін қалада электр көліктерін қуаттауға арналған 622 жаңа орын пайда болады",- делінген ақпаратта.

Белгілі болғандай, бекеттер базар, дәмхана, саябақ пен өзге де қоғамдық орын сынды халық көп жиналатын жерлерге орнатылады.

Барлық нысанды жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

"Қазіргі таңда Алматыда 300-ден астам электр қуаттау бекеті жұмыс істеп тұр. Бұл жоба 2029 жылға дейінгі электр көліктер инфрақұрылымын дамыту жөніндегі "жол картасы" аясында жүзеге асырылып жатыр және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған",- деп мәлімдеді қала әкімдігі.

2025 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша Алматыда 8 385 электр көлігі тіркелген – бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: