Алматыдағы электромобиль иелері тегін тұрақ үшін тіркелуі керек
"Электромобильдердің иелері тиісті растайтын құжат негізінде коммуналдық тұрақты пайдаланғаны үшін төлемақыдан босатылады. Жеңілдіктер тізіліміне енгізу үшін электромобильдердің меншік иелері "Алматы паркингіне" жүгінуі немесе техпаспорттың сканерленген нұсқасын қоса бере отырып, "Е-Өтініш" сайты арқылы өтініш беруі қажет", – деп хабарлады кәсіпорын.
Компания өтініш және оларға қоса берілген құжаттар қаралғаннан кейін деректерді тізілімге енгізу туралы тиісті шешім шығатыны атап өтті. Өтінімді қарау мерзімі – 15 күнтізбелік күн.
Әрбір өтініш берушіге шешім көрсетілген ресми жауап беріледі. Бір жылдан кейін жоғарыда аталған процедураны қайталау қажет, өйткені тізілім жыл сайын жаңартылып отырады.
Бұған дейін жекеменшік жеңіл моторлы ұшақтың Ақмола облысындағы тас жолға қонғаны хабарланды.