Еуропа "Талибан" өкілдерімен ресми қатынастарын жолға қоюда

Еуропа елдері "Талибан" өкілдерімен ресми байланыстарды айтарлықтай кеңейтті. Бұл төрт жыл бұрын Ауғанстанда билікке келген қозғалысқа Батысқа дипломатиялық жол ашады, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2025 09:19 Сурет: pexels
Еуропа елдері "Талибан" өкілдерімен ресми байланыстарды айтарлықтай кеңейтті. Бұл төрт жыл бұрын Ауғанстанда билікке келген қозғалысқа Батысқа дипломатиялық жол ашады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Financial Times газетінің деректерінше, Батыс үкіметтері мен саясаткерлері "заңсыз мигранттарды репатриациялау мәселелерін шешу үшін Кабулмен ынтымақтастықты барынша кеңейтуге ұмтылып отыр".

Германия, Швейцария және Австрия секілді Еуропа елдері биыл Ауғанстанға делегациялар жіберген немесе өз елдерінде ауған өкілдерін қабылдаған. Бұл қадамдар репатриация процесіне жәрдемдесу мақсатында жасалған.

Кабулда орналасқан Халықаралық дағдарыс тобының жетекші сарапшысы Ибрагим Бахиссаның айтуынша, "Талибан жаһандық саяси тәртіпке интеграциялануға қатты мүдделі және барынша ұмтылуда".

Оның сөзінше, келісімдерге қол жеткізу үшін жасалып жатқан ресми байланыстар "қозғалысты әлемдік жүйеге біртіндеп кіріктіріп жатқан шағын жеңістерге тең".

Бұған дейін талибтер АҚШ-пен тұтқындар алмасу бойынша келісімге келгендерін хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: