Малайзияда қолтырауын қарияның көз алдында ер адамды жеп қойды

Малайзияда қолтырауын қарияның көз алдында ер адамды жеп қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 13:32 Сурет: pixabay
Малайзияның Лубок-Пунггор ауылында қолтырауын 32 жастағы ер адамды су астына тартып әкетіп, егде жастағы әкесінің көз алдында жеп қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sarawak Edition басылымының мәліметінше, 71 жастағы Судин Чи есімді қария ұлы — Ахмад Альзадхри Судинді құтқармақ болып, жыртқышпен арпалысқан. Алайда ұлын құтқарып қалуға шамасы жетпеген. 

Анықталғандай, шабуылдан кейін ер адам жыртқышқа жем болып, әзірге із-түзсіз жоғалғандар қатарында есептеліп отыр. Ал әкесі тірі қалғанымен, ауыр психологиялық жағдайда.

Қазіргі уақытта қолтырауынға тап болған ер адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін АҚШ-та танымал аң үйретушіні жолбарыс талап өлтіргенін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: