Трамп мінген эскалатор тоқтап қалды: Ақ үй БҰҰ-дан кінәлілерді жұмыстан шығаруды талап етті
Сурет: X/POTUS
Бұл туралы АҚШ әкімшілігінің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде мәлім етті.
"Егер БҰҰ-да біреу әдейі президент пен бірінші ханым эскалаторға мінген сәтте оны тоқтатса, ол адам дереу жұмыстан шығарылып, тергеу жүргізілуі тиіс", – деп жазды Левитт.
If someone at the UN intentionally stopped the escalator as the President and First Lady were stepping on, they need to be fired and investigated immediately.
— Karoline Leavitt (@PressSec) September 23, 2025
The Times reported this on Sunday.👇 pic.twitter.com/NitsWbGYG0
Сондай-ақ ол бұл жазбасына The Times газетінің мақаласынан үзінді қоса жариялады. Онда БҰҰ қызметкерлері өзара қалжыңдап, АҚШ президентін баспалдақпен көтерілуге мәжбүрлеу үшін әдейі эскалаторды тоқтатуымыз мүмкін деген сарында айтқандары келтірілген.
Эскалатордың тоқтауын Трампқа АҚШ үкіметінің БҰҰ-ға жарналық төлемдерді қысқарту туралы шешімінің салдарынан ұйымдағы қызметтің толық қаржыландырылмауымен түсіндіруге тырысқан.
Бұған дейін Мелания Трамптың Зеленскийдің әйелімен жеке кездесуден бас тартқанын жазғанбыз.