Трамп COVID препараттарының тиімділігі туралы мәліметтерді жариялауды талап етті
Сурет: pixabay
АҚШ президенті Дональд Трамп фармацевтикалық компаниялардан COVID-ке қарсы дәрілерінің тиімділігі туралы деректерді ашуды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы саясаткер Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.
"Фармацевтикалық компаниялар өздерінің COVID-ке қарсы препараттарының тиімділігін дәлелдеуі өте маңызды. Көпшілік бұл дәрілер миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған керемет жетістік деп есептейді. Бірақ келіспейтіндер де бар. Бұл мәселе бойынша Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарында үлкен келіспеушіліктер туындап отыр. Мен жауап алғым келеді – дәл қазір!" – делінген Трамптың жазбасында.
Ақ үй басшысы сондай-ақ Pfizer және басқа өндірушілерге қатысты "ерекше материалдарды" көргенін, алайда олардың көпшілікке ұсынылмағанын айтты.
Бұған дейін Трамптың өз әлеуметтік желісінде жұмбақ жазба жариялағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript