Трамп Иранға Ормуз бұғазын ашу үшін 48 сағат уақыт берді

Дональд Трамп, Трамп, президент Америки, президент США, президент Соединённых Штатов Америки , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2026 10:23 Фото: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегераннан Ормуз бұғазын 48 сағат ішінде ашуды талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, егер Иран бұл талапты орындамаса, АҚШ елдің электр станцияларын жоюы мүмкін. Бұл туралы ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Егер Иран қоқан-лоққылардан бас тартып, Ормуз бұғазын 48 сағат ішінде толық ашпаса, Америка Құрама Штаттары соққы жасап, олардың әртүрлі электр станцияларын, ең ірісінен бастап, жояды", – деп мәлімдеді Дональд Трамп.

Сурет: truthsocial

Сондай-ақ ол Тегеранмен қандай да бір келісім жасауға мүдделі емес екенін айтты.

Бұған дейін терроризм тұрғысынан әлемдегі ең қауіпті өңір аталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: