Трамп мұнай өндіруші компанияларды бағаны тежеп ұстауға шақырды

Дональд Трамп, мұнай, баға, тежеп ұстау, Ормуз бұғазы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2025 20:25 Сурет: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы Ормуз бұғазын жабу ықтималдылығы туралы қауесетке байланысты мұнай бағасын өсірмей, тежеп ұстауға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол 2025 жылдың 23 маусымында Truth Social-дағы парақшасында жазды. 

"Мен бәрін қадағалап отырмын! Олай жасасыңыздар, жаудың дегені болғаны. Бұлай жасамаңыздар", - деп жазды ол мұнай өндірушілерге қарата.

АҚШ президенті өз энергетика министрлігін керісінше, шұғыл әрекет етуге шақырды:

"Бұрғыла, балақай, бұрғыла! Бұл арада айтайын дегенім, жылдам кірісіңдер". Дональд Трамп

Сарапшылар Ормуз бұғазы жабылған жағдайда мұнайдың бір баррелінің құны 110-130 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп ескертеді.

Бұған дейін ҚР СІМ еліміздің Иранмен қарым-қатынасы қандай екенін айтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: