"Жалаңаш әйелдің суреті". Трамп атақты медиа магнатпен соттасқалы жатыр

Трамп, сот, медиа магнат, Руперт Мердок, жалаңаш әйел, сурет, Эпштейн, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2025 12:54 Сурет: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп 18 шілдеде The Wall Street Journal (WSJ) газетінің егесі Руперт Мердокты сотқа беріп, 10 млрд доллар өтемақы талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, Трамптың қаржыгер Джеффри Эпштейнге сый-сияпат жасағаны туралы ақпаратты жариялаған News Corporation медиа холдингінің өзі және екі журналисі де сотқа тартылды.

"Арызданушы жауапқа тартылушыдан кем дегенде 10 миллиард доллар залалды өтеуді талап ететін сот шешімінен үмітті", делінген Deadline басылымында жариялағанған арыздың толық мәтінінде.

Құжаттың атап көрсетілгендей, "Трамптың жалаңаш әйелдің суретін салып, оны хатпен қоса сыйға тартқан" деп WSJ жазған жағдай ешқашан болған емес.

Сонымен қатар, Трамп Мердокқа қарсы сот ісі өзінің ғана емес, сондай-ақ америкалықтардың мүддесі үшін де қозғалғанын айтады. 

"Бұл арыз сіздердің сүйікті Президенттеріңіздің атынан ғана емес, сонымен қатар фейк жаңалықтарға толы БАҚ-тың әрекеттеріне төзбейтін барлық американдықтардың мүдделерін қорғауды жалғастыру үшін берілді", деп жазды ол Truth Social әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Трамп Эпштейн ісі туралы құжат демократтардың "туындысы" екенін мәлімдеген болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: