Осло орталығында қол гранатасы жарылды

Осло орталығында қол гранатасы жарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.09.2025 12:22 Сурет: pixabay
23 қыркүйек кешкісін Норвегия астанасының орталығында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Sun басылымының мәліметінше, оқиға орны — Пилестредет көшесіне полиция қызметкерлері жұмылдырылып, аумақ қоршауға алынған.

Алдын ала болжам бойынша, белгісіз біреу қол гранатасын жарған. Құқық қорғау органдары аумақтан тағы бір жарылғыш затты — граната болуы мүмкін жарылғышты тапқан.

Оқиғаға байланысты 13 жастағы жасөспірім ұсталды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Парквейен маңында жарылмаған снарядтар болуы мүмкін деген қауіпке байланысты тұрғындарға оқиға орнынан аулақ жүруге кеңес берілді.

Бұған дейін Зеленскийдің Путинмен кездесуді Қазақстанда өткізуді ойлап отырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: