Трамп Ресей жағалауына атомдық сүңгуір қайықтарды неге жібергенін түсіндірді

Трамп Ресей жағалауына атомдық сүңгуір қайықтарды неге жібергенін түсіндірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 11:46 Сурет: flickr/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп Вирджиния штатында өткен АҚШ адмиралдары мен генералдарының кеңейтілген жиналысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Baku.ws мәліметінше, қазіргі таңда АҚШ-тың суасты флотында 71 атомдық сүңгуір қайық бар.

"Жуырда Ресейден шағын қауіп төнді, сондықтан мен атомдық сүңгуір қайықты – ең қауіпті қаруды – жөнелттім", – деді Дональд Трамп.

Ол мұндай шешімге "ядролық қару туралы айтылғаны" себеп болғанын түсіндірді.

"Мен Ресей жағалауына бір немесе екі сүңгуір қайықты – нақты қанша екенін айтпай-ақ қояйын – тек сақтық мақсатында орналастырдым. Адамдар "ядролық" деген сөзді оңды-солды қолдана алмайды", – деп атап өтті АҚШ президенті.

Тамыз айының басында Трамп Медведевтің мәлімдемелері риторика шеңберінен шығып кетсе, соған дайын болу үшін екі атомдық сүңгуір қайықты "тиісті аймақтарға" орналастыруды бұйырғанын хабарлаған болатын.

Ал бұған дейін Кремльде Владимир Путиннің ауқымды баяндамасы болатынын жазған болатынбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: