АҚШ Қорғаныс министрі артық салмақты генералдар мен сақалды сарбаздарға қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Сурет: pixabay
Бұл мәлімдеме Вирджиния штатындағы Квантико теңіз жаяу әскер базасында жасалды. Мұнда дүниежүзінің түкпір-түкпірінен себеп-салдары айтылмай, шұғыл түрде шақыртылған 800-ден астам генерал мен адмирал жиналды. Хегсет бірқатар жоғары лауазымды офицерлердің физикалық дайындығын сынға алып, "Пентагон дәліздерінде артық салмақты генералдар мен адмиралдардың жүруі мүлдем орынсыз" екенін айтты.
🚨 BREAKING: Pete Hegseth blasts military leadership! No more fat soldiers generals or admirals everyone from privates to 4 star generals must meet height-weight standards and pass PT tests.
— Arshad (@im__Arshu) September 30, 2025
Discipline wins wars 🇺🇸 #PeteHegseth #USMilitary #USA pic.twitter.com/C7diaUw4Ff
"Климаттың өзгеруіне табыну, алауыздық, назарды басқа жаққа бұру немесе гендерлік адасулар, бейберекетсіздік болмайды", – деді ол. Министр бұл көзқарасымен келіспейтін офицерлерді отставкаға кетуге шақырды.
Сондай-ақ, Хегсет АҚШ армиясының құрылымын қайта құрудың 10 тармақтан тұратын жоспарын жариялады. Ол физикалық дайындық тестілері тек ерлер стандарттары бойынша өткізілетінін, сыртқы келбет стандарттарының қатаң сақталуы қажет екенін ерекше атап өтті.
"Кәсіби емес сыртқы келбет дәуірі аяқталды. Енді сақалды ер адамдар болмайды", – деді министр, тәртіп пен біркелкіліктің маңыздылығын баса айтып.
Ол өз мәлімдемелерінің үзінділерін әлеуметтік желідегі Х парақшасында жариялаған.
Бұған дейін Трамп Ресей жағалауына атомдық сүңгуір қайықтарды неге жібергенін айтқан болатын.