Жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындық: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі ел азаматтарына желтоқсан айының басында еліміздің әр өңірінде әскери техникалар бой көрсететінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа оқу жылының басталуына байланысты желтоқсан айының алғашқы күндерінде Қарулы Күштердің барлық бөлімдері оқу дабылы бойынша жоғары деңгейдегі жауынгерлік дайындыққа келтіріледі, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Осыдан кейін бөлімдер оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марштар жасайды.
Жекелеген бөлімшелер кешенді жауынгерлік дайындық сабақтары өтетін орындарға әуе, теміржол және автокөлік көліктерімен жеткізіледі.
"Аталған кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірлердегі жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысын уақытша шектеу мүмкін екенін ескертеміз. Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз", - дейді ведомстводан.
Бұған дейін Қорғаныс министрлігі елімізде ақысын төлеп, әскери дайындық курсынан кімдер өте алатынын айтып, түсініктеме берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript