Жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіру: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады

Әскер, жоғары жауынгерлік әзірлік, Қорғаныс министрлігі, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2024 14:11 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңа жауынгерлік оқу кезеңінің басталуына байланысты барлық әскери басқару органдары, Қарулы күштердің әскери бөлімдері мен мекемелері жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтірілетін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ведомствоның 2024 жылғы 30 қарашадағы мәлімдемесінде айтылады.

"Желтоқсан айының басында армия бөлімшелері полигондар мен оқу-жаттығу орталықтарына марш жасау үшін дабыл бойынша көтеріледі. Жеке құрам мен әскери техниканы кешенді тактикалық-саптық сабақтар мен жаттығулар өтетін орынға жөнелту жүзеге асырылатын болады", делінген министрлік хабарламасында.

Қауіпсіздік мақсатында өңірлердегі жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін екені ескертіледі. 

Осыған байланысты азаматтардан және БАҚ өкілдерінен жалған хабарламалар таратпауды және ресми ақпарат көздеріне ғана сену сұралады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: