Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Әскерлерді даярлау жоспары шеңберінде Қарулы күштерде жауынгерлік даярлық сабақтары өткізіледі. Бұл жөнінде 2023 жылғы 11 тамыз күні Zakon.kz сайтына ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрлік таратқан хабарламада бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау үшін жауынгерлік техникамен марш жасап, теміржол көлігімен еліміздің әр өңіріндегі полигондарға жеткізілетіні айтылған.
"Полигондарда тактикалық жаттығулар мен атыстар, күндіз де, түнде де өткізіледі. Бұл ретте әскери қызметшілердің мақсатқа сай тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындауы, бөлімдердің үйлесімділігі мен қабілеті, сондай-ақ командирлердің бағынысты және сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланатын болады".ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Осыған байланысты, ведомство таратылған қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript