Қорғаныс министрлігі Талдықорған тұрғындарын шошытқан дыбысқа қатысты түсінік берді
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, майдан авиациясының ұшқыштары биікте аса жылдамдықпен ұшуларды орындағанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұндай ұшулар кемінде 11 000 метр биіктікте іске асырылады. Барынша жылдамдыққа ұшу, ұшақпен дыбыстық тосқауылды еңсеру кезінде жерге тарсылдаған дыбыстар естілуі мүмкін, делінген ресми хабарламада.
Сонымен қатар ұшқыштардың және жердегі адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ екені де нақтыланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript