Америкалықтар әйел адамды президент етіп сайлаудан сескенеді

АҚШ, президенттікке үміткер, Камала Харрис, әйел президент , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2025 12:24 Сурет: X/KamalaHarris
АҚШ азаматтары ел президенті ретінде әйел адамды сайлаудан қауіптенеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ тұрғындары әйелдерге мемлекеттік басқару ісінде сенім білдіреді және оларды басшылық лауазымдарда жиі көргісі келеді. Алайда сонымен қатар, олардың ел президенті болуына қолдау көрсетуден тайсақтайды. Бұл туралы Politico басылымы Америкалық университеттің зерттеуіне сілтеме жасап жазды.

Сауалнамаға қатысқандардың әрбір бесіншісі (яғни 20%-ы) президенттікке үміткер әйел кандидатқа дауыс бермейтінін айтқан.

"Сайлаушылар әйелдерге ең маңызды мәселелерді сеніп тапсыруға дайын және оларды көшбасшы ретінде жиі көргісі келеді. Бірақ әңгіме президенттікке келгенде, көптеген адамның ішкі көзқарасы мен тар түсінігі қайта бой көрсетеді," – деді зерттеу авторы Вива де Вик.

Бұған дейін Грузияда бесінші мемлекеттік төңкеріс әрекетінің алды алынғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: