Америкада жатыры жоқ әйел екі баланы дүниеге әкелді

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2025 14:47 Фото: pexels
АҚШ-тың Юта штатында тұратын әйел тумысынан жатыры болмағанына қарамастан, екінші рет ана атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

WHIO басылымының жазуынша, Аманда Груэндел донорлық органды трансплантациялау арқылы екінші баласын көтеріп, аман-есен босанған.

Әйелге жатырды көшіру бойынша бірегей операция 2020 жылы Кливленд клиникасында жасалған. Аманданың айтуынша, тәжірибелік бағдарламаға қатысу ол үшін үлкен мәртебе болған. Ота сәтті өтіп, экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) рәсімінен кейін оның тұңғыш қызы Грейс дүниеге келген.

2025 жылдың қараша айында Груэндел отбасында тағы бір қуанышты сәт болды – ұлы Леон өмірге келді. Алайда екінші жүктілікке жету жолы оңай болмаған. Аманда бірнеше рет эмбрион көшіру сәтсіз аяқталып, бір рет түсік болғанын, тек содан кейін ғана қалаған нәтижеге қол жеткізгенін айтты.

Медициналық хаттамаға сәйкес, бір немесе екі жүктіліктен кейін трансплантацияланған жатыр алынып тасталады. Бұл науқастың иммунды басатын дәрілерді өмір бойы қабылдамауы үшін қажет. Ұлы дүниеге келген соң Амандаға гистерэктомия жасалған.

"Бұл өте қиын, күрделі, таңғаларлық әрі ғажайып жол болды", – деді ол.

Сондай-ақ Аманда ана болу бақытын екі рет сезінуге мүмкіндік берген донор мен оның отбасына шексіз алғысын білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: