Ашуға булыққан әйел ұшақта бортсеріктерге шабуыл жасады
Сурет: pixabay
Kboi басылымының жазуынша, ұшақ Портлендтен (Орегон) Далласқа (Техас) бағыт алған. Алайда,кенеттен егде жастағы әйел ашуға булығып, орынсыз әрекеттерге барған.
Куәгерлердің айтуынша, әйел оны тыныштандыруға тырысқан авиакомпанияның екі қызметкеріне қол көтерген. Нәтижесінде, қызметкерлер бүлік шығарған әйелді сапар аяқталғанға дейін оқшаулаған, ал ұшқыштар шұғыл қону туралы шешім қабылдаған.
Ұшақ Айдахо штатының Бойсе қаласына аман-есен қонды, онда егде жастағы америкалық әйел полиция қызметкерлерінің қолына берілді.Ол бүлік шығарып, қол көтерді деген айыппен қамауға алынды.
A 61-year-old Washington woman was arrested by Boise Police officers from the Airport Division after allegedly showing erratic behavior and hitting two airline employees attempting to calm her down on a flight. https://t.co/OAxZl82gBM
— KATU News (@KATUNews) October 15, 2025
Бұған дейін Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында атыс болып, 12 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланғанын жазғанбыз.