Алматыға Lufthansa ұшағы шұғыл түрде қонды

Алматыға Lufthansa ұшағы шұғыл түрде қонды , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2025 13:29 Сурет: wikimedia/Valentin Hintikka
Lufthansa әуе компаниясының рейсі жолаушылардың бірінің қайтыс болуына байланысты Алматы қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға 2025 жылғы 26 желтоқсанда болған.

Мюнхен – Бейжің бағыты бойынша ұшып бара жатқан Lufthansa әуе компаниясының LH 0722 рейс жолаушысының жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған.

"Әуе кемесінің экипажы халықаралық Алматы әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Ұшаққа жедел түрде әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы жіберілді", – деп нақтылады ҚАӘ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері жолаушының әуе рейсі кезінде қайтыс болғанын анықтады.

"Ұшақ Алматыда жанармай құйып, сағат 07:56-да межелі әуежайға қарай қайта ұшты", – делінген ақпаратта.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Алдын ала өлім себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі. Кенеттен қайтыс болған адам – шетел азаматы. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді ведомство.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Бұған дейін Қазақстанда 2025 жылы нәрестелерге қандай есімдер жиі берілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: