Өзбекстанда колониядан қашқан сотталушы мектеп оқушысын зорлады
Сурет: uznews
Өзбекстанның Ташкент облысында кәмелетке толмағанды зорлағаны үшін жеті жыл бұрын сотталған Миржалол Туронов колониядан қашып шығып, үшінші сынып оқушысын зорлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, ер адам Ташкент облысының Ахангаран ауданындағы қоныс-колонияда жазасын өтеп жүрген. Ол жергілікті компанияның аумағында жұмысқа тартылған, деп жазады UzNews.
Құқық қорғау органдарының 20 қазандағы Telegram-арнасындағы ақпаратына сәйкес, сотталушыны оқиға орнында жергілікті тұрғындар ұстап, құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырған. Қазіргі уақытта оған қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жалғасуда. Қыз баланың жағдайы туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Айта кетейік, қазан айының басында Қырғызстан президенті балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстар үшін өлім жазасын қайта енгізуді ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript