Түркістан облысында ауруханадан қашқан сотталушы ұсталды
Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 26 қазанда Түркістан облысында ем қабылдау кезінде ауруханадан қашып кеткен сотталушы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, ол Түркістан қаласында танысының үйінен табылған.
"Ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды. Қазір барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті процессуалдық шаралар жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу басталды", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің хабарламасында.
Еске салайық, 2025 жылғы 23 қазанда Түркістан облысындағы медициналық мекемеде ем алып жатқан айыпталушы ауруханадан өз бетімен кетіп қалған болатын.
Оны ұстау үшін полиция блокпосттар орнатқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript