Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кетті

Шымкент, алаяқ, аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2023 10:47 Сурет: Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі
Шымкент полицейлері ауруханадан қашып кеткен алаяқты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық қорғау органдарының 13 қыркүйек күні таратқан  хабарламасында шымкенттік Феруза Корчиева (1983 жылы туған) 12,7 миллион теңгені алаятық жолмен қолды қылғаны айтылған.

"Ол танысының мүлкін кепілден босатуға уәде беріп, одан қомақты ақша алып, хабарсыз кеткен. Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі бойынша тіркеді", – делінген хабарламада. Шымкент қалалық ІІБ баспасөз қызметі

Ол қазір қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып жүр.

Ведомствоның мәліметінше, әйел денсаулығына байланысты жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіліп, емдеу мекемесінен қашып кеткен.

"Оны көрген-білгендер болса, мына нөмірлерге хабарласуын сұраймыз: 102, 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09". Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: