Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды ​​облысында медициналық мекемеден қауіпті қылмыскер қашып кетті

Қарағанды облысы, қылмыскер, қашып кеткен қылмсыкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 11:54 Сурет: Zakon.kz
Ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған ер адам Қарағанды ​​облысындағы медициналық мекемеден қашып кеткен. Оны қазір Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, полицейлер 18 шілдеге қараған түні медициналық мекемеден қашып кеткен сотталған азаматтың мекенжайын анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр.

"Ол 35 жастағы БҚО тумасы, ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған. Оның қашып кету дерегі бойынша Қарағанды полициясы гарнизонының жеке құрамына бағыттама берілді", – делінген хабарламада.

Ол толық денелі, бойы 165 см, шашы қара. Үстінде ақ футболка, қара аяқ киім, қара шалбар, басында қара кепка болған.

Қарағанды облысы, қылмыскер, қашып кеткен қылмсыкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2023 11:54

Сурет: polisia.kz

Полицейлер қала тұрғындарынан сыйпатталған адамға ұқсас ер адамды көргендер болса 102 номеріне хабарласуды және өткізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: