Бекеттер қойылып, іздеу жарияланды: Түркістан облысында не болып жатыр
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Түркістан облысында ауруханадан қашып кеткен сотталушы іздестіріліп жатыр. Болған оқиғаның егжей-тегжейімен өңірлік полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыста полиция ізін суытқан сотталушының қайда екенін анықтап, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.
ПД мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 23 қазанында емделіп жатқан сотталушы медициналық мекемеден қашып кеткен. Оны ұстауға барлық полиция бөлімшелері жұмылдырылды. Облыс аумағында бақылау бекеттері қойылып, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
"Болған оқиға фактісі бойынша қызметтік тергеу басталды, оның қорытындысы бойынша барлық кінәлі тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылданатын болады". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, аталған жағдай облыстық полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екендігі де нақтыланады.
Бұған дейін Астанада есігі ашық қалған автокөліктерді жағалайтын күдікті ұсталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript