Астанада есігі ашық қалған автокөліктерді жағалайтын күдікті ұсталды

Автокөлік, есік, ұры, Астана, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2025 17:22 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астанада жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде елорда аумағында үш рет бөтеннің мүлкін жасырын түрде иемденген азамат анықталып, ұсталды. Күдікті автокөлік есіктерінің жабылмағанын пайдаланып, салон ішіндегі заттарды ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, оның заңсыз әрекеттерінің бірі қара түсті Lifan X60 автокөліктің салонынан Samsung Galaxy A26 телефонын ұрлаумен байланысты. Бұл жағдайда жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі 275 мың теңгені құраған.

"Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты барлық үш эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Елорда полициясы тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді: автокөлікті қараусыз қалдырмау, барлық есік пен терезені мұқият жабу, сондай-ақ бағалы заттарды көлік салонында қалдырмау қажет. Осындай сақтық шаралары қылмыстың алдын алуға және жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", делінген полиция хабарламасында.

Бұған дейін Ақмола облысында мас күйде көлік тізгіндеген әйел адам ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: